«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Сыр өңірінде «Таза Қазақстан – таза аймақ» экологиялық науқаны бастау алды.
Бүгін облыс әкімі Н.Нәлібаевтың экологиялық науқанға аймақ жұртшылығын белсене қатысуға шақырған үндеуі жарияланды.
Акцияның басты мақсаты – қоршаған орта мен тұрғындар үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету, азаматтық жауапкершілікті арттыру, экологиялық сана мен экологиялық мәдениетті қалыптастыру және нығайту мақсатында құрылған қоғамдық игілікке ұқыптылықпен қарау қағидаттарын қалыптастыру.
Акция 5 кезеңнен тұрады:
1. «Таза өлке» апталығы (6-13 сәуір);
2. «Киелі мекен» апталығы (14-20 сәуір);
3. «Жасыл аймақ» апталығы (21-27 сәуір);
4. «Өнегелі ұрпақ» апталығы (28 сәуір – 4 мамыр);
5. «Мөлдір бұлақ» апталығы (5-11 мамыр) атты тақырыптық бағыттарда ұйымдастырылады.
Қазақылықтың қаймағы бұзылмаған, тату тірлік пен береке-бірліктің бесігі – Сыр өңіріндегі акция аясында 6-13 сәуір аралығында:
– «Менің туған өлкем» тақырыбында облыс көлеміндегі елді мекендерде, мекемелер мен кәсіпорындар аумақтарында жаппай тазалық шаралары;
– «Табиғатқа құрмет отбасынан басталады» атты тұрғындардың өз аулаларын, көшелерін, көше бойында орналасқан арықтарды тазалау «Жасыл желек» жалпыхалықтық челленджі;
– «Ауласы тазаның – ауасы таза!» және «Көшесі тазаның – көңілі таза!» тақырыптарында еріктілердің, эко белсенділердің және тұрғындардың қатысуымен тазалық акциялары;
– «Жастар таза өлке үшін» тақырыбында жастар арасында тазалық челенджі;
– «Taza Olke – Taza El» сенбілік ұйымдастыру «Гүлденген өлкем» елді мекендерді, көшелер мен саябақтарды көгалдандыру мен тазартуға үлес қосқан азаматтарды марапаттау шарасы ұйымдастырылады.
14-20 сәуір аралығындағы «Киелі мекен» апталығында:
– «Сыр елі – тарихи қалалар мекені» облыс аумағындағы барлық тарихи-мәдени ескерткіштер, облыстық тарихи-өлкетану музейі аумақтарын абаттандыру;
– «Қорқыт ата» мемориалды кешені, «Марал ишан», «Қалқай ишан» кесенелері және Қармақшы ауданы аумағында орналасқан басқа да тарихи-мәдени ескерткіштер мен музейлер аумағын абаттандыру;
– «Бұқарбай батыр», «Түмен әулие» кесенелері және Жалағаш ауданы аумағында орналасқан басқа да тарихи-мәдени ескерткіштер мен музейлер аумағын абаттандыру;
– «Асанас», «Қышқала» қалашықтары, «Қалжан ахун» мешіт-медресесі және Сырдария ауданы аумағында орналасқан басқа да тарихи-мәдени ескерткіштер мен музейлер аумағын абаттандыру;
– «Оқшы ата» кесенесі және Шиелі ауданы аумағында орналасқан басқа да тарихи мәдени ескерткіштер мен музейлер аумағын абаттандыру;
– «Қорасан ата» кесенесі, «Сығанақ» қалашығы және Жаңақорған ауданы аумағында орналасқан басқа да тарихи-мәдени ескерткіштер мен музейлер аумағын абаттандыру;
– «Бегім ана» мұнарасы, «Кердері» кесенесі және Арал ауданы аумағында орналасқан басқа да тарихи-мәдени ескерткіштер мен музейлер аумағын абаттандыру;
– «Жанқожа батыр» кесенесі, «Жанкент» қалашығы және Қазалы ауданы аумағында орналасқан басқа да тарихи-мәдени ескерткіштер мен музейлер аумағы абаттандырылады.
21-27 сәуір аралығындағы «Жасыл аймақ» апталығында «Biz taza aimaq ushin» қала, аудан, елдімекендерде орналасқан саябақтар, скверлер, парктер мен аллеялар аумағын абаттандыру, «Көктемгі көшет!» ағаш отырғызу акциясы ұйымдастырылады.
28 сәуір мен 4 мамыр аралығындағы «Өнегелі ұрпақ» апталығы аясында «Ардагерлерді ардақтайық» тақырыбында ардагерлер, қарттар үйлерінің аулаларын жинау және абаттандыру шаралары, белсенді жастар ұйымдарының «Жаныңда жүр жақсы адам» үндеуімен жалғызбасты қариялардың үйлері аулаларын жинау, әктеу, сырлау акциясы ұйымдастырылады.
5-11 мамыр аралығындағы «Мөлдір бұлақ» апталығында «Бұлақ көрсең, көзін аш» су айдындары мен арналарында жалпыхалықтық экологиялық акциясы «Таза жағалау, таза су айдыны» тақырыбында еріктілердің, қоғам белсенділері мен тұрғындардың қатысуымен су айдындары мен арналарында тазалық шаралары ұйымдастырылады.
Тазалық акциясының алғашқы аптасы «Таза өлке» атауымен өтуде. Бұл күндері облыс аймағындағы елді мекен тұрғындары, қоғам белсенділері, ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлері қоршаған ортаны таза ұстауға және тазартуға өз үлестерін қосуда. Бүгінге дейін қала және барлық аудандарда 30 мыңға жуық ағаш көшеттері отырғызылды.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен Арал теңізінің құрғаған ұлтанына 1,1 млн. гектар сексеуіл екпелерін егу кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, республикалық және облыстық бюджет есебінен 2021 жылы 101 мың гектар, 2022 жылы 250 мың гектар, 2023 жылы 193,2 мың гектар жерге фитоорманмелиорациялық жұмыстары жүргізілді.
2024-2025 жылдар аралығында 556,2 мың гектар жерге фитоорманмелиорациялық жұмыстар жүргізу жоспарлануда.
Бүгінгі күнге құрғаған ұлтанның 51,6 мың гектарға 15,3 млн. дана көшет отырғызылды.
Биыл еліміз Халықаралық Аралды құтқару қорына төрағалық етуде. Теңіздің кепкен табанына өскіндер егу мәселесін аймақ басшысы тұрақты бақылауына алып, бұл ортақ іске кәсіпкерлерді де жұмылдыруда.
Сонымен қатар, Қызылорда облысындағы жолдардың сапасын жақсарту мәселелері оңтайландырылып, құрылыс жұмыстары да қарқын алуда.
Биыл 300 шақырымға жуық жол жөнделіп, облыстағы жақсы деңгейдегі жол үлесі 92 пайызға жетпек. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 12 пайызға артып отыр. Соның бірі, биыл аймақ басшысының қолдауымен қаладағы ұзындығы 3 шақырымға жуықтайтын Қожа Ахмет Яссауи көшесі қайта жаңғыртылуда. Жол құрылысы аяқталған жағдайда бұл көше 4 жолақтыға ауыстырылып, толығымен жарықтандырылады.
Сондай-ақ, құрылыс қарқынына айналған Қызылорда қаласының Сол жағалаудағы жаңа автовокзал ғимаратының алаңын жасыл желекке айналдыру мақсатында ағаш көшеттері отырғызылып, елді мекендерді көгалдандыру жұмыстары облыстың барлық аудандарында қарқынды жүргізілуде.
Айта кетейік, «Таза Қазақстан» акциясы аясында облыс тұрғындарының қатысуымен шаһарды қоқыстан тазарту жұмыстарының нәтижесінде, полигондарға 300 тоннаға жуық қоқыс шығарыса, облыс орталығындағы 30-ға жуық тұрғын үйлердің қасбеттері жаңғыртылып, қала көркіне сәне беруде.
Айта кету керек, өткен жылдан бастап ауылдық елді-мекендерді дамыту аясында Қызылорда облысында «Үлгілі елді мекен» конкурсы өткізіліп келеді. 2023 жылдың қорытындысымен жеңімпаз болып табылған 12 елді мекенге күнделікті тұрмысқа ең қажетті деген заманауи үлгідегі 29 арнайы техникалар табысталды.
Облыс әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан – Таза Аймақ» акциясы туралы барлық ақпарат Қызылорда облысы әкімдігінің әлеуметтік желілерінде орналастырылған.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<