Сыр елінің жәрмеңкесі жоғары деңгейде өтті

654

0

16-17 қыркүйек күндері Қызылорда облысының тауарөндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өткізілді.


Жәрмеңкеде аймақта өндірілетін отандық өнімдерді қолдау мақсатында арнайы ауыл шаруашылығы өнімдерінің көрмесі ұйымдастырылды.


Елордалықтарға ерекше көңіл-күй сыйлау үшін Сыр Елінің өнерпаздарының қатысуымен концерттік бағдарлама қойылды.


Жәрмеңкеде 60-қа жуық Сыр дихандары мен тауарөндірушілері 50 жүк автокөліктермен жалпы құны 200 млн теңгені құрайтын 500 тоннаға жуық өнімдер елордалық тұрғындарға ұсынылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<