Сыр халқы жұдырықтай жұмылды

634

0

Бүгін Сыр өңірінен азық-түлік, құрылыс материалдары өзге де қажетті заттар тиелген жүк көлігі Қостанай өңіріне көмек ретінде жөнелтілді.

31 тоннадан астам азық-түлік өнімдері, ауыз су, жеке гигиеналық заттар, төсек жабдықтары мен құрылыс материалдары «AMANAT» партиясы филиалдары жанындағы қабылдау пункттерінде жиналды.

Сыр халқы жұдырықтай жұмылды

«Жалпы Қостанай өңірінде орын алған төтенше жағдайға байланысты «AMANAT» партиясы жылдам шешім қабылдап, 4 қыркүйектен бастап барлық өңірлерде гуманитарлық көмек жинау пункттерін ашқан болатын. Осы мақсатта  партияның облыстық филиалы мен Қызылорда қаласы, 7 аудан және Төретам кентінде, барлығы 9 гуманитарлық көмек қабылдау пункттері ашылып, азаматтардан келген көмектерді қабылдады. Бас аяғы 3 күн ішінде фракция мүшелері, партия белсенділері, жергілікті жомарт азаматтар ең қажетті және жолға жарамды заттарды қабылдау пункітіне жеткізуге үлкен үлес қосты. Мұнан бөлек, Қызылорда облысы әкімдігінің басшылық құрамы, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ұжымы қостанайлықтарға бір күндік жалақыларын аударды. Бастауыш партия ұйымдары мен партия белсенділері қаржылай көмек көрсетті. Айта кету керек, қызылордалықтардың қайырым-көмегі мұнымен толастамайды. Бүгінде қаржылай және материалдық көмек көрсету шаралары жалғасуда»,- дейді Ләйлә Төрешова.

Атап өту керек, сырбойылық аманаттықтар тарапынан қостанайлықтарға  гуманитарлық көмек ретінде 11 тоннадан астам күріш,10 тоннадан астам ұн, май, макарон секілді азық – түлік өнімдері,  6 тонна құрылыс материалдары, 4 тонна ауыз су, сондай-ақ гигиеналық заттар, дәрі-дәрмек, жылы киім-кешектер мен ыдыс-аяқтар, тұрмыстық техникалық тауарлар жөнелтілді.

Аталған көмекті Қостанай облысына дейін жеткізу «Жастар Рухы» жастар қанаты аймақтық филиалының белсенділеріне жүктелді.

Барша атсалысқан жандарға шын жүректен алғысымызды айтамыз.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<