Сыр күрішіне сұраныс жоғары

764

0

Нұр-Сұлтан қаласында өткен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде Сыр өңірінен алып барған 100 тоннадан астам күріш бір күннің ішінде таусылған. Себебі, баға төмен, сұраныс жоғары. Елордалық тұрғындарға арнап жеткізілген өнімдердің барлығы тұрмысқа қажетті тауарлар болған соң халықтың сатып алу көрсеткіші жоғары болды. Одан бөлек балық өнімінің де өтімділігі байқалған. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаев айтты.

– Сыр елінен Нұр-Сұлтан қаласына барған өнерпаздар әсем әндерден шашу шашып, елордалықтарға әсерлі көңіл-күй сыйлады. Сонымен қатар, облыс тарапынан қайырымдылық қоры аясында жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік себеттері таратылды. Жәрмеңкеде Сыр диқандары жалпы құны 200 млн теңгені құрайтын 500 тоннадан астам өнімді елорда жұртына ұсынды. Арқа төріндегі тұрғындарға Қызылорда облысының брендіне айналған ақ күріш, балық пен ас тұзы, қауын, қарбыз жеткізілді. Сырбойылықтар жәрмеңкеге 100 тонна күріш, 15 тонна ет және 30 тонна балық өнімін, 80 тонна көкөніс пен жеміс-жидек, 210 тонна бақша өнімі, 50 тонна асқабақ, 3 тонна ас тұзын, 10 тонна сүт өнімін, 5 тоннаға жуық кондитерлік өнімдерін ұсынды, – деді ол.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<