Сыр медицинасының жетістігі

62

0

2025 Сыр медицинасы үшін жетістікке толы жыл болды деп сенімді түрде айта аламыз.  Оған  бірінен соң бірі салынып, ел игілігіне беріліп жатқан заманауи денсаулық сақтау нысандары мен алынып жатқан озық технологиялық құрал-жабдықтар, жасалып жатқан күрделі оталар куә.  Әсіресе, көпбейінді облыстық ауруханада алғаш рет бір күнде үш науқасқа жасалған бүйрек  трансплантациясын  жыл жаңалығы десе болғандай.

Еске салсақ, Тәуелсіздік күні қарсаңында  Сыр медицинасының тарихында тұңғыш рет бір күн­де үш науқастың ағзасы ауысты­рыл­ды.

Алғашқы трансплантация 41 жастағы әйел адамға жасалды. Реципиенттің ағасы донор болып, бүйрегін берді.

Екінші трансплантация 20 жас­тағы жігітке жасалып, донор ре­тінде науқастың 54 жастағы ана­сы қатысты.

Ал үшінші пациент – 43 жас­тағы әйел, донор болған оның жұ­байы.

Трансплантацияны көпбейін­ді облыстық аурухананың бас дә­рігері, трансплантолог, PhD Жа­с­ұлан Баймаханов, бас дәрі­гер­­дің хирургия жөніндегі орын­ба­сары, PhD Ербол Серікұлы және А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының трансплантологтары Ернұр Бел­гібаев, Елшат Нәбиевтің коман­да­сымен бір­лесіп жасады. Қазір науқастардың жағдайы жақсы.

Айта кету керек, бұған дейін ауруханада 8 рет бүйрек, 1 рет ба­уыр алмастыру отасы сәтті аяқ­талды. Оның ішінде биыл тамыз айында бір күнде екі науқасқа бүй­рек ауыстыру опера­циясы жа­салған болатын.

Жалпы аймақта кейінгі жыл­дары жоғары технологиялық ме­­­ди­циналық қызмет көлемі ар­тып келеді. Биыл 10 айда  тегін ме­ди­­циналық көмектің кепілдік бе­рілген көлемі мен міндетті әлеу­меттік медициналық сақтандыру жүйесі аясында жалпы сомасы 706,7 миллион теңгеге 104 жоғары техно­логиялық медициналық қыз­мет көрсетілді. Ал 11 айда об­лыстық ауруханада 9071 ота жа­салса, оның 130-ы жоғары тех­но­логиялық медициналық кө­мек­ке жатады. Мұндай оталардың жиі жасалуы мамандардың білікті­лі­гіне де байланысты екені сөзсіз. Осы орайда өңірде денсаулық сақ­тау саласы мамандарының бі­ліктілігін арттыруға да ерекше көңіл бөлінуде. Мәселен, биыл 41 медицина қызметкері Германия, Ресей, Литва, Беларусь елдерінің клиникаларында біліктілігін арт­тырған.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, ке­йінгі 3 жылда жергілікті бюджет қаражаты есебінен мамандар білік­тілігін арттыруға 375 млн теңге бөлінді. Негізгі басымдық ана мен бала денсаулығын қор­ғауға бе­ріліп, 84 акушер-гине­колог, 44 нео­натолог, 42 реани­ма­­толог, 19 педиатр дәрігер оқы­тыл­ған.

Тұрғындардың денсаулығын нығайту – маңызды міндеттің бі­рі десек, жоғарыда айтып өткені­міздей, бірқатар кешенді жұмыс жүргізіліп, нәтижесінде негізгі ме­дициналық-демографиялық көр­­сет­кіштердің оң үрдісі бай­қалды.

Мәселен, сәби өлімі 17%-ға, қатерлі ісіктерден болатын өлім-жітім 9%-ға, қан айналым жү­йе­сінен орын алатын адам өлімі 1,5%-ға төмендеді. Нәтижесінде кү­­ті­летін өмір сүрудің орташа көр­сеткіші 2022 жылмен салыс­тыр­ғанда 74 жастан 75,2 жасқа артты.

Мемлекет басшысының бас­­­та­масымен қолға алынған «Ауыл­­­дық денсаулық сақтауды жаң­ғыр­ту» ұлттық жобасы өңірде қар­қынды жүзеге асуда. Ұлттық жо­ба аясында жалпы құны 10 млрд 200 млн теңгені құрайтын 28 нысан пайдалануға беріліп, ха­лық игілігін көруде. Осылайша, 46 мыңнан астам ауыл тұрғынының меди­циналық көмекке уақытылы қол­жетімділігі артып, 190 төсек-орын күндізгі ста­ционар­ларда ем алуда.

«Қамқорлық» балалар оңалту орталығы алдымен Жаңақорған ауданында, кейін Арал ау­данында ашылды.

Желтоқсанның басында об­лыс­тық көпбейінді балалар ауру­ханасы базасында «Қамқорлық» ерте араласу орталығы ашылды. Бұл орталық туғаннан бастап үш жасқа дейінгі балалармен, со­ның ішінде неврологиялық және ор­то­педиялық бұзылу қаупі бар сә­би­лермен, сондай-ақ шала ту­ған ба­лалармен жұмыс істеуге бағыт­талған.

Кейінгі үш жылда 6 млрд тең­геге 24 нысанға күрделі жөн­деу жүргізілсе, 1 млрд 200 млн тең­геге 44 денсаулық сақтау ны­санының жылу жүйесі газға ауыс­тырылды.

Өңірдің денсаулық сақ­тау ұйымдарын материалдық-техни­калық жарақтандыруға да баса на­зар аударылуда. Кейінгі 3 жылда денсаулық сақтау ұйымдарын ма­­­териалдық-техникалық жаб­дық­­­тар­мен қамтамасыз ету үшін 15 млрд  теңгеге медици­на­­лық құ­рал-жабдықтар сатып алын­ды, оның ішінде КТ, МРТ, ан­гио­­г­раф сияқты техни­калар  бар. Аудандық ауруха­налар КТ ап­­паратымен то­лығымен қам­та­ма­сыз етілді. Нә­тиже­сінде меди­циналық құрал-жабдық­тармен жа­­рақтандырылу деңгейі 2022 жы­­лы 83,2 пайыздан бүгінде 88,1 па­йызға жоғарылады.

Мемлекет басшысының Жол­дауында айтылғандай, еліміздің басты құндылығы – адам. Бұл – айқын нәрсе. Ұлт саулығы жақ­сы болса ғана, қоғам орнықты дами­ды.

Облыстың денсаулық сақтау саласындағы ауқымды жоспарлар мен игі жақсылықтардың бар­лы­ғы тұрғындардың саулығы үшін жа­са­луда. Бұл жұмыстар алдағы уақытта жалғаса бермек.

Айнұр БАТТАЛОВА,

«Сыр бойы»