Сыр өңірі – достық пен өнер тоғысқан мекен

241

0

Фото: Ассамблея Қызылорда

2025 жылғы 7–8 сәуір күндері Қызылорда облысында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығын мерекелеу аясында еліміздің барлық өңірінен келген 100-ден астам жасты біріктіретін республикалық форум өтеді деп жоспарлануда.

Бүгін делегация мүшелері Қызылорда қаласының Орталық алаңында бас қосып, достық пен бірліктің ерекше атмосферасын сезінді.

Кешкі уақытта қаламыздың жүрегі – Арбатта еркін форматтағы ән кеші ұйымдастырылды.

Әлемдік және қазақстандық хит әндер жанды дауыста орындалып, форумға келген меймандарға керемет көңіл-күй сыйлады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<