Сыр өңірінде «Таза су айдындары» акциясы өтті

195

0

Фото: Ашық дереккөз

Бүгін 14 шілде күні Қызылорда облысында республикалық «Игі істер марафоны» аясында «Таза су айдындары акциясы» ұйымдастырылды.

Жалпы акцияның мақсаты – табиғатты таза ұстап, тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті арттыру.

Ұйымдастырылып жатқан тазалық шаралары нәтижесінде су айдындары мен өзен, көлдер жағалаулары және аяқсу арықтарының бойы тазартылды.

Тазалық апталығы аясында облыстағы «Сырдария» өзенінің жағалауы мен «Қалғандария», «Елтай», «Шіркейлі», т.б. су арналарының жағалауларына қоқыстан, тұрмыстық қалдықтардан тазарту жұмыстары жүргізілді.

Аталған акцияға мемлекеттік мекемелер мен жеке ұйымдар, жастар және волонтерлер, мекеме қызметкерлері белсенді түрде атсалысты. Акция алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Айта кететін жайт, облыс көлемінде көркейту-көгалдандыру және санитарлық-тазалық жұмыстары тек акция аясында ғана емес аймақтағы барлық елді мекендерде көктемнің алғашқы күні

1 наурыздан бастау алған болатын.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<