Сыр өңірінің үздік криминалисі республикалық байқауға қатысты

5

0

Фото: Qyzylorda PD

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ұйымдастырған «Үздік криминалист» республикалық байқауы өз мәресіне жетті. Бұл – еліміздің криминалистикалық бөлімшелерінің үздік өкілдерін біріктірген ауқымды кәсіби іс-шара. Байқау қатысушылардың жоғары деңгейдегі дайындығын, терең теориялық білімін және тәжірибелік шеберлігін айқын көрсетті.

Салтанатты рәсімге Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Санжар Адилов қатысып, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттады. Ол өз сөзінде криминалистикалық қызметтің заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі стратегиялық маңызын атап өтті.

Аталған байқауға Қызылорда облысы Полиция департаменті Жедел-криминалистикалық басқармасының криминалисі полиция майоры Шілдебаев Қуаныш қатысып, Сыр өңірінің намысын қорғады. Криминалистика саласында 14 жылдық тәжірибесі бар маман түрлі бағыттар бойынша кәсіби біліктілігін дәлелдеп, қылмыстарды ашуға елеулі үлес қосып келеді.

Республикалық деңгейдегі бұл конкурс тәжірибе алмасуға, кәсіби шеберлікті шыңдауға және сала мамандарының өзара ынтымақтастығын нығайтуға мүмкіндік берді.