Сыр өңірінде жас инспекторлар слеті өтуде

662

0

Сыр өңірінде жас инспекторлар слеті өтуде 20-29 тамыз аралығында Қызылорда қаласында Ғазиз Байтасов атындағы дәстүрлі қозғалыстың жас инспекторларының республикалық XVIII слеті өтуде.
Балалар мен жасөспірімдер арасында жол-көлік жарақатының алдын алу, жол қозғалысы ережелерін бұзуларға төзбеушілік үрдісін қалыптастыру және балалар жол-көлік жарақатының алдын алу мақсатында өткізілген аталмыш жарыс Қызылорда облыстық ішкі істер департаментінің ұйымдастыруымен өткізілуде.
Қызылорда облысының әкімдігінің қолдауымен өткен слетке Қазақстанның барлық өңірлерінен, сондай-ақ Беларусь Республикасынан, Қырғыз Республикасынан, Ресей Федерациясынан жол-патрульдік полицияның жас көмекшілері жиналды.  
22 тамыз күні өткен Қозғалыстың жас инспекторларының республикалық слетінің ашылу рәсімі  облыс орталығының «Евразия» спорт кешенінде өтті.Сыр өңірінде жас инспекторлар слеті өтуде
Шараның ашылу салтанатында Қызылорда облыстық маслихатының хатшысы Наурызбай Байқадамов және Ішкі істер департаментінің бастығы Қайрат Мұхитов қатысушыларға сәттілік тіледі.
18 команданың құрамындағы балалар облысымыздың бетке ұстар тынығу лагері «Арай Санрайзта» орналасты. Балалар ерекше ықыласпен күтетін жайнаған жаз мезгілінде  еліміздің түкпір-түкпірінен келген мейман балаларға  демалыстарын көңілді, әрі мағыналы өткізуіне мұнда барлық жағдайлар жасалған.   Тәтті дәрумендермен толықтырылған 5 мезгіл ас мәзірі балалар  көңілінен шығуда.   
9 күн бойы Сыр елінде өтетін бұл республикалық слет барысында көптеген жарыстар, оның ішінде Саптық байқау», «Жас реттеуші», «ЖҚЕ білгірлері», «Жас санитар», «Эрудиттер турнирі», «Үгіт бригадалары конкурсы» атты 8 конкурсты, сондай-ақ велосипедті мәнерлеп жүргізу және велосипедті автоқалашықты жүргізу жөніндегі сайыстар ұйымдастырылады.    
Бұдан бөлек, слет бағдарламасында полиция қызметкерлері мен білім беру жүйесінің жұмыскерлері арасында конкурстар өткізілгелі отыр, олардың нәтижелері жалпыкомандалық есепке алынатын болады.
Өз кезегінде  полиция қызметкерлері ЖҚЕ білу, баспасөз хабарламасын жазу, автокөлікпен жылдамдықта маневр жасау және ЖКО кезінде алғашқы көмек көрсету бойынша күш сынасады. Педагогтар, балалардың жолдағы қауіпсіздігі тақырыбындағы сыныптан тыс іс-шараны өткізу бойынша шеберлігін көрсетеді.
Тамыз айының 29-на дейін жалғасатын  бұл республикалық слеттің қорытындысымен ең мықты жас жол сақшылары анықталатын болады.
Қызылорда ОІІД Баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<