Сыр самбошылары олжалы оралды

1416

0

Фото: Сыр спорты

Ақтау қаласында спорттық және жауынгерлік самбодан жасөспірімдер, жастар, кадеттер және шеберлер арасында Азия және Океания чемпионатында 7 алтын, 5 күміс, 6 қола иеленген жүлдегерлерімізді теміржол вокзалынан күтіп алу салтанатында жанкүйерлері, жаттықтырушылар, спортшылар, көрермендер жиналды.

Осындай жетістікке жеткен спортшыларымызды Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқарма басшысының орынбасары Жігер Айекешов құттықтады.

Айта кетейік, 11-15 мамыр аралығында Маңғыстаудың «Халық Арена» спорт кешенінде Азия және Океания елдерінің халықаралық чемпионатына 25 елден 500-ге жуық спортшы бақ сынаған болатын.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<