Елордадан тағы да ақжолтай жаңалық. Сыр елінің жасөспірімдері волейболдан ҚР жазғы чемпионатында сәтті өнер көрсетті. Айтулы жарысқа облыстан 2 команда қатысты.
Он бес команда бақ сынасқан дүбірлі додада облыс намысын қорғаған қос команда жүлделі 1, 2- орындар ие болып, ел жеңімпазы атанды. Ал үшінші орын Жамбыл облысының командасына бұйырды.
Сондай-ақ, құрама сапында шеберлік көрсеткен Жанарыс Әлден, Руслан Қалдыбек және жаңақорғандық Досымжан Әбілаш, Айбол Балтабай «Үздік ойыншы» номинациясымен марапатталды.
Волейболшыларды жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы Болат Рысмаханов, команданың бас жаттықтырушысы Өтепберген Әбдіраманов және жаттықтырушы Мұрат Мұхамадиев, Идаят Алтынбеков, Батырқожа Бабаев дайындады.
Ел чемпиондары тамыз айында Қызылорда қаласында өтетін ауыл жасөспірімдерінің екінші жазғы ойындарында табысты өнер көрсетіп, нәтижесін еселеуді көздейді.
Нұрбек ДӘУРЕНБЕКОВ,
«Сыр бойы».
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<