Сыр жастары қала халқын Рамазан айымен құттықтады

202

0

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Жастар ісі» секторының ұйымдастыруымен мешіт жастары қала халқын қасиетті Рамазан айымен құттықтады.

Берекелі айды насихаттап, қадір-қасиеті мен ерекшелігін, халыққа мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында өткізілген шара барысында ерікті жастар қаламыздағы халық көп жиналатын жерлерде, нақтырақ айтқанда темір жол вокзалы, базар маңдары және автобус тұрақтары, т.б. қоғамдық орындарда Ораза кестесін, су және құрма таратты.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<