Сыр журналистері марапат биігінде

722

0

Кәсіби мереке қарсаңында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде білім алған бірқатар БАҚ өкілдері «Үздік түлек» медалімен марапатталды.
Билік пен бұқара арасындағы алтын көпір саналатын, ел бірлігінің бекем болуын басты орынға қойып, қоғамға қалтқысыз қызмет ететін ақпарат өкілдерінің қызметі өлшеусіз. Отандық медиа саласында қызмет ететін ойы озық, көзі қырағы журналистер қауымы ел мүддесі үшін қызмет етіп жүр.
Осы орайда университет түлектеріне «Үздік түлек» медалі табысталды.
Атап айтсақ, «Филология» мамандығының 1997 жылғы түлегі, республикалық қоғамдық-әлеуметтік, ғылыми-көпшілік «Ұстаз мәртебесі» газеті мен әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналының редакторы Нұрлан Нұрмаханов, «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 1994 жылғы түлегі, облыстық «Сыр бойы» газетінің жауапты хатшысы Дәуіржан Елубаев, «Филология» мамандығының 2005 жылғы түлегі «Degdar.kz» ақпараттық сайтының редакторы, тәуелсіз журналист Үйтолган Жарекеева, «Журналистика» мамандығының 2004 жылғы түлегі, Қызылорда қоғамдық телеарнасының редактор-журналисі Берік Батпанов, «Журналистика» мамандығының 2012 жылғы түлегі, «Qyzylorda» телеарнасының редактор-журналисі Асқар Тәжиев марапат биігінен көрінді.
Бүгінде университетте білім алған мамандар журналистика саласында еңбек етіп, қоғамның көкейкесті мәселелеріне дер кезінде үн қосып, оң шешімін табуына ықпал етіп жүр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<