Сырбойылық зияткерлердің IT-жобасы қаржылай қолдау тапты

611

0

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің кәсіпкерлік орталығы «Startup Joly» инкубациялық бағдарламасы аясында өткізілген инновациялық өнертабыстар байқауында өңірдегі Зияткерлік мектептің оқушылары Жұлдызай Мұңайтбасова мен Раушан Тұрғанбай жүлделі 3-орынды жеңіп алды.

Қыздардың ұсынған «EcoDabyl» жобасы ауаның сапасын бақылап, адам денсаулығына тигізер зиянын арнайы платформа арқылы пайдаланушыларға хабарлап отырады.

«Бір ай бойы біз стартапты бастау, оны іске асыру бойынша бірнеше тегін семинарларға қатысып, бизнес-тренерлердің шеберлік сағаттарында білімімізді арттырдық. Сонымен қатар өз жобамызды идея сатысынан прототипке дейін айналдыра алдық», – дейді жүлдегерлер.

«Startup Joly» инкубациялық бағдарламасы бойынша білім алуға барлығы 135 адам өтінім білдірді. Нәтижесінде 57 жоба таңдалып, оның 26-сы «Demo day» шарасында таныстырылды. Қатысушылардың ең үздік жұмыстары 500, 300, 200 мың теңге көлемінде қаржылай сыйлықтарға ие болды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<