Бүгін Сырдария ауданы аумағында Сырдария аудандық Газ тарату жүйесі қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырылып, жаңа Конституцияға енгізілетін өзгерістердің негізгі бағыттары кеңінен түсіндірілді. Іс-шара барысында конституциялық реформалардың қоғам өміріне ықпалы, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы маңызы жан-жақты талқыланды.
Кездесу кезінде қызметкерлер Конституциядағы жаңашылдықтардың әлеуметтік, экономикалық және құқықтық салаларға әсері туралы толық ақпарат алды. Сонымен қатар, олар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерімен бөлісуге мүмкіндік алды.
AMANAT партиясы Сырдария аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Ақтөре Ибрагимұлы өз сөзінде референдумның әрбір азамат үшін маңыздылығын атап өтті. Ол әрбір азаматтың пікірі әділетті әрі тең қоғам құру жолындағы маңызды үлес екенін жеткізді. Сондай-ақ, жаңа Конституция елдің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге, азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтуге және әлеуметтік әділеттілікті нығайтуға бағытталғанын айтты.
Осындай ақпараттық-түсіндіру кездесулері аудан қызметкерлеріне жаңа Конституцияның мәні мен мазмұнын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде азаматтардың құқықтық мәдениетін арттырып, қоғамда заңға құрмет пен жауапкершілікті қалыптастыруға ықпал етеді.





