Сырдария ауданында жол жөндеу және инфрақұрылым жобалары жүзеге асуда

439

0

Биыл Сырдария ауданының жол жөндеу саласындағы 31 жобаға 1 млрд теңге қаржы бөлінді. Нәтижесінде 27,6 шақырым жолға асфальт төсеу жоспарлануда. Жыл басынан бері 14,3 шақырым жол қайта жаңғыртудан және орташа жөндеуден өтті. «Қызылорда-Айдарлы-Тартоғай» автожолы 1,4 млрд теңгеге, «Шымкент-Самара-Тереңөзек» трассасы 687 млн теңгеге жөнделді.

Мемлекет басшысының «Әділетті Мемлекет. Біртұтас Ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауындағы тапсырмаға сәйкес, электр қуаты мен ауыз су құбыры желілеріне зерделеу жұмыстары жүргізілді. Ауданда электр желілерінің 70 пайызының тозығы жеткені анықталды. Осыған байланысты бюджеттен бөлінген

2,7 млн. теңге қаржыға Айдарлы, Аманкелді, Жетікөл, Қоғалыкөл, Шаған елді мекендерінің электр бағаналары мен желілері, трансформаторлар толық жаңартылуда.

Тереңөзек кенті, Қалжан ахун, А.Тоқмағамбетов, С.Сейфуллин елді мекендерін электрмен жабдықтауға демеушілер көмегімен жобалар әзірленуде.

Ал, ауыз су құбырын жаңарту үшін демеушілік есебінен 6 жоба әзірленіп, Шаған (5 көше) мен Қоғалыкөл (3 көше) ауылы бойынша 3 жобаға 246 млн теңге қаржы бөлінді. Тереңөзек кенті (10 көше) мен Аманкелді (3 көше) ауылына қатысты 3 жобаның құрылысын қаржыландыру күтілуде.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<