Сырдария өзенінің экологиялық жағдайы

998

0

Фото: ашық дереккөз

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасы жыл сайын өтетін «Фараби әлемі» Халықаралық студенттік конференциясы аясында «Су ресурстарын қорғау (ТДМ 6)» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Сырдария өзенінің экологиялық жағдайы


Дөңгелек үстелге қатысушылар Тұрақты дамудың 6-шы мақсатына «Таза су және санитарияға» қол жеткізу жолдарын талқылады, сондай-ақ, еліміздегі Сырдария өзенінің ағымдағы жай-күйі мен жүйесіне талдау жүргізілді.
Сырдария – Орталық Азиядағы ірі өзендердің бірі, су ресурстары негізінен Қырғызстан аумағында қалыптасады, Тәжікстан мен Өзбекстан аумақтары арқылы өте отырып, Қазақстанға келеді. Тау аумағынан келетін өзен суларының сапасы төмен қарай аққан кезде күрт нашарлайды, сондықтан таулардан өзендер аққан кезде орташа және төменгі ағыста оларға жоғары минералдану тән.

Сырдария өзенінің экологиялық жағдайы


Өзен ағысының қысқаруы, Сырдария өзеніндегі жалғыз су көзінің ластануының жоғары деңгейі, Арал теңізінің таяздануы, экологиялық жүйенің табиғи тепе теңдігінің бұзылуы қоршаған ортаға теріс әсерін тигізеді, популяциялық сипаттаманы және осы өңірдегі халық денсаулығының көрсеткіштерін нашарлатады.
Соңғы 15-20 жыл ішінде осы өңірдегі тұрғындар санының күрт артуымен байқалады, ал, бұл табиғи және су объектілерінің экологиялық жағдайына жүктеменің күрт ұлғаюына әкеліп соқты. Осы өңірдегі елді мекендердің барлық ағыс сулары тазартусыз өзендерге лақтырылады, осылайша күрделі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды одан сайын шиеленістіруде.
Бүгінде Сыр суының сапасы сын көтермейді. Өйткені өзге елден шыққан қалдық су Қазақстан бөлігіне өтеді. Бұл айналып келгенде экологиялық және экономикалық тұрғыда кері әсерін тигізіп, егіншілікпен айналысуға кедергі келтірді. Жыл сайын Сырдарияға 20 млн тонна тұз түседі екен. Оның ішінде дақылға себілетін тыңайтқыштар да бар. Сонымен қоса, жылдан-жылға жоғарыдан келетін су мөлшері азайып, өзеннің арнасы тарылуда. Ал өзеннің арнасы тарылса, оны жағалаған елдің өзегі талатыны белгілі.


Зертеушілердің пайымдауынша, Сырдарияның ағын суын пайдаланбауды құптайды. Ондағы cy негізінен биоген, ауыр метал сияқты зиянды заттармен ластанған. Ал, «ақ маржан» күрішінде сол заттар бар» деп тұжырымдайды. Бұл ретте ластаушылардың негізгі көздері гербицидтер, пестицидтер, минералды тыңайтқыштар, судың, суармалы жердің және ауыл шаруашылығының жалпы минералдануын қалыптастыратын иондар қосылысы болып табылады.

Өнеркәсіптік, коммуналдық-тұрмыстық объектілер негізінен ауыр металдармен, фенолдармен, мұнай өнімдерімен және т.б. ластайды.
Онкологиялық аурулар бойынша республикада Қызылорда облысының алдыңғы орын алуын да сонымен байланыстырады.


Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Балхаш-Алакөл бассейндік инспекция маманы Мамықбаев Мұхаммедуали су шаруашылығын ұтымды пайдалануды бақылау қызметінің қазіргі мәселелері мен міндеттерін баяндады.
Іс-шара өте тартымды өтті. Білім алушылр көптеген ақпараттарға қанық болып, өз қызығушылықтарын танытып белсене қатысып отырды.
Іс-шара соңында кафедра студенттеріне арналған сергіту сұрақ-жауап ойыны өткізілді. Белсене қатысып сұрақтарға жауап беру арқылы жоғары балл жинаған студенттерге сыйлықтар берілді.

Дөңгелек үстелге қатысушылар жалпы қорытынды жасап, өз қызметімен және су мәселелерімен бөліскен қонаққа алғыстарын білдірді.
Ақпараттық-танымды түрде өткізілген шара барысында қатысушылар Сырдария өзенінің қазіргі экологиялық жағдайы туралы мәліметтерді біліп, оның халық денсаулығы мен жалпы еліміздің болашақтағы маңыздылығы туралы хабардар болды.

Замира АМАНГЕЛДІ,


әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының
«Геоэкология және табиғатты пайдалануды басқару»
мамандығының 1-курс магистранты
.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<