Сырдарияда газдандыру жұмыстары қарқын алды

419

0

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Бүгінде Сырдария ауданын табиғи газбен қамтамасыз ету деңгейі 35 пайызды құрап отыр.

Өткен жылы С.Сейфуллин мен А.Тоқмағамбетов ауылдарын газдандыру жұмыстары басталса, алдағы күндері бұл елді мекендер толығымен көгілдір отынға қосылатын болады.

Одан бөлек биыл Шаған мен Н.Ілиясов ауылдарын да газдандыру жұмыстары қолға алынды.

– А.Тоқмағамбетов ауылдық округіне көгілдір отын кіргізу жұмыстары өткен жылы басталды. Қазіргі таңда ауылда 356 тұрғын үй болса, соның 104-ін газға қосуға дайындап қойдық. Алдағы уақытта 100 пайыз қамтимыз деп жоспарлап отырмыз. Жалпы, ауылдың қазіргі жағдайы өте жақсы. 2013 жылы ауыз су кіргізілсе, келер жылы электр желісін жаңғыртуды жоспарлап отырмыз. Ал, ауылдағы 16 көшенің 13-іне тас жол төселсе, қалған 3 көшенің жоба сметалық құжаттары дайындалу үстінде. Ауылды жандандыру бойында тиісті жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады,- деді А.Тоқмағамбетов ауылының әкімі Ғабдолла Алданазаров.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<