Сырдариялық сұлу «Сыр аруы – 2022» байқауының жеңімпазы

803

0

Дәстүрлі түрде жалғасын тауып, әрі ұлттың ғасырлар бойы сақталған салт-дәстүрін, тәлім-тәрбиесін, құндылығы пен рухани байлығын дәріптеп келе жатқан облыстық «Сыр аруы – 2022» сұлулық байқауында Сырдариялық сұлу Дильназ Кеңесова 1-орын иегері атанды.

Дильназ – ауданға қарасты Жетікөл ауылдық округінде мектепте 11-сынып оқушысы. Бағалы сыйлықтармен және Алғыс хатпен марапатталды.

Аруымыздың осындай үлкен додаға түсіп, өз өнерін сынға салу үшін қолдау білдірген жандарға алғысымызды білдіреміз.

Дильназды жеңісімен құттықтаймыз! Тек биіктерден көріне бер!

Сырдария аудандық жастар ресурстық орталығы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<