Сырдариялықтар амал мерекесін атап өтті

350

0

Фото: Сырдария ауданы

Кеше аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың қатысуымен «Руханият» орталығы алдында ұлттық дәстүрімізді ұлықтайтын Амал мерекесіне арналған мерекелік іс-шара өтті. Іс-шараға аудан ардагерлері, ақ жаулықты аналар және аудан тұрғындары куә болды.

Аудан басшысы жиналған жұртшылықты Көрісу күнімен құттықтады.

– Амал – тек күн мен түн теңесіп, көктемнің лебі сезілетін кез ғана емес, бұл – халқымыздың ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан игі дәстүрі, елдің бірлігі мен татулығын арттыратын ерекше мейрам. Бұл күні ағайын-туыс бір-бірімен көрісіп, қол алысып, өкпе-назды ұмытады, бірлік пен сыйластықтың ерекше үлгісін көрсетеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен Наурыз мейрамын тойлаудың жаңа форматы – Наурызнама онкүндігі жүзеге асуда. Наурызнама онкүндігі дәл осы Көрісу күні – Амал мерекесімен басталады. Бабаларымыз «Көріспегеннің көңілі қалған» деп, араздық пен өкпені кешіріп, бір-бірін құшақ жая қарсы алған. Біз бекем бірлігімізбен келешекке нық қадам басамыз. Көрісу күні – Амал мерекесі әр шаңыраққа жақсылық пен құт-береке әкелсін! – деді Берік Әбдіғаппарұлы.

Мерекелік іс-шара одан әрі аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасты. Талантты қыздармен жігіттер әннен шашу шашып, әкелер, әжелер ансамблі әсем әндерін қалың жұртшылыққа паш етті. Амал мерекесі аясында ұлттық ойындар ойнатылып, қолөнер шеберлерінің көрмесі, «Бауырсақ Party» ұйымдастырылды.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі