Сырдария аудандық сотында пресс-тур өтті

315

0

Сырдария аудандық сотында сот жұмысының заманауи форматтарын және соттардың жаңа электронды сервистерін таныстыру мақсатында пресс-тур өткізілді.

Іс-шараны Сырдария аудандық сотының төраға міндетін атқарушы А.Абдулла мен аудандық соттың кеңсе қызметкерлері жүргізді.

Пресс-турға Сырдария аудандық прокуратура, полиция бөлімі, әкім аппаратының, аудан бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының, аудандық ауруханасының, білім бөлімінің өкілдері және БАҚ өкілдері қатысты.

Шараны аша келе, А.Абдулла соттар жұмысына жаңа ақпараттық технологияларды енгізу жұмысының тұжырымдамасына тоқталды. «Электронды сот төрелігі сот ісін жүргізуді жеңілдетуге, оның жеделдігін, қолжетімділігі мен ашықтығын арттыруға бағытталған», – деді ол.

Бұдан әрі қатысушыларға «Сот кабинеті», «QR-код», «Digital Agent»  бағдарламалары, аудио-бейне тіркеу (АБТ) жүйесі, бейнеконференцбайланыс (БКБ) және мобильді («True Conf») байланыс мүмкіндіктері таныстырылды.

Аудандық сотта сот отырыстары 100% АБТ қолданыла отырып жүргізіледі. Қажеттілік болған жағдайда кез келген сот отырысының қатысушысы еліміздегі өзіне жақын тұрған сотқа бару арқылы, сонымен қатар аудан бойынша ағымдағы жылдың басынан Бесарық, Амангелді, Қоғалыкөл ауылдық округ әкімдіктерінен қосылған БКБ арқылы сот процесіне қашықтықтан қатыса алады.

2017 жылдан бастап соттарда Мобильді байланыс іске қосылды. Тараптар сот процесіне интернетке қосылған мобильдік құрылғы арқылы еліміздің кез келген жерінен, тіпті шетелде болса да қатыса алады.

«QR-код» фотокамера орнатылған және шифрленген ақпаратты тануға арналған бағдарламамен қамтамасыз етілген ұялы телефоны бар кез келген адам QR-кодты қолдана алады. «QR-код» арқылы Жоғарғы Сот, облыстық сот сайттарына кедергісіз кіріп, қажетті ақпараттарды алуға болады.

Қазіргі таңда азаматтар интернетке қосылған мобильдік құрылғыға «Digital Agent» бағдарламаcын енгізіп, сот жүйесіне қатысты, қолайлылық, сервис, рәсімдер мен персоналға қатысты сот органының жұмысына қатысты баға беруге мүмкіндігі бар. Соттың жұмысына разы болмаған кез келген адам шағымын «Цифрлық агент» арқылы хабарлап, өзінің проблемасын қысқа мерзімнің ішінде шеше алады.

Шараға қатысушылар ойларымен бөлісіп, сұрақтарына жауап алып, сот жүйесіне енгізілген жаңа электронды сервистерімен танысуға, көруге, ақпарат алуға мүмкіндік берген аудандық сот ұжымына өз ризашылықтарын білдірді.

Аудандық соттың баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<