Серпінді Сырдария ауданының 90 жылдығына орай жарыққа шыққан «Сырдария ІІ» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.
Аудандық мәдениет үйінде ұйымдастырылған іс-шараға зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, мерейтой қонақтары, аудан тұрғындары мен БАҚ өкілдері қатысты.
Кітаптың тұсауын облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы, «Қызылорда облысының Құрметті азаматы» С.Шаухаманов кесті.
Кітаптың алғашқы даналары құрметті меймандарға және де аудандық тарихи-өлкетану мұражайының директоры М.Омаров пен аудандық орталық кітапхананың директоры Г.Нұржакиеваға тапсырылды.
Айта кету керек, «Сырдария ІІ» кітабы 1000 дана таралыммен шыққан. Кітапта 90 жылдық тарихы бар ауданның әр жылдардағы жетістіктері кеңінен жазылған. Сонымен бірге, ауданнан шыққан еңбек майталмандарының өмірбаяндарынан мәліметтер келтірілген.
Ақтөре Ибрагимұлы,
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз хатшысы
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<