Сырдария: медицина саласындағы соңғы жаңалықтар

297

0

Асқар Тоқмағанбетов ауылында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында дәрігерлік амбулатория құрылысын салу жоспарлануда. Сонымен қатар, үстіміздегі жылы облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, 17 бірлік медициналық құрал-жабдықтар алынды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында Сырдария ауданының әкімі Руслан Рүстемов мәлімдеді.
«Биыл дәрігерлер тапшылығын төмендету мақсатында 9 дәрігер ауданға жұмысқа шақыртылып, 3-не қызметтік пәтер берілді.Сондай-ақ, кезекті электронды басқару жүйесін енгізу мақсатында электронды терминалдар іске қосылса, тіркеу бөлімі жұмысын модернизациялау үшін цифрлы пост құрылып,CALL-орталығы жаңадан өз жұмысын бастады. Бұл дәрігерлер кабинетіндегі кезекті азайтуға мүмкіндік береді»,-деді Руслан Рүстемұлы.
Мұнан өзге, үстіміздегі жылдың 10 айында аудан бойынша 615 нәресте дүниеге келіп, өткен жылмен салыстырғанда 16,9 пайызға өсті. Сонымен қатар, биыл аудан бойынша бала өлімі тіркелмеген.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<