Сырдария өзенінде су деңгейі көтерілді

212

0

Сырдария өзені арнасынан шығуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мұз құбылыстарына байланысты Сырдария өзенінің Жосалы тармағында су деңгейі қауіпті белгіге жақындады.
Нақты деңгей таңғы 08:00-де 638 см болатын. Қауіпті деңгей – 665 см (судың өзен арнасынан шығуы). Шекті деңгей – 720 см. Бұл жағдайда елді мекенді су басады.
Су деңгейі одан әрі көтерілуі мүмкін.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<