Сырдарияда халықаралық турнир өтуде

231

0

Сырдарияда халықаралық турнир өтуде Сырдария ауданында волейболдан 2003-2004 жылы туған жасөспірімдер арасында халықаралық турнир басталды.
Биыл 20-мәрте ұйымдастырылған турнирге Өзбекстаннан және еліміздің бірқатар облыстарынан барлығы 20 команда, 317 спортшы қатысуда.
Жарыстың ашылу салтанатында облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов, Сырдария ауданының Құрметті азаматы Алма Бақтиярова сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Жарыс ережесіне сәйкес командалар төрт топқа бөлініп, ойнауда. Турнирдің ақтық ойындары 8 қыркүйек күні өтеді деп жоспарланған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<