«1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні» мерекесіне орай Сырдария ауданында велошеру ұйымдастырылды.
Орталық алаңнан бастау алып, Қалжан ахун ауылына дейін жалғасқан велошеруге аудан әкімі Ғ.Қазантаев бастаған 250-ден астам аудан тұрғындары белсене қатысты.
Велошеруге қатысушылар межеге жеткеннен кейін «1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні» мерекесі Қалжан ахун ауылдық округіне жалғасып, «Айналдым – Қазақ елі» тақырыбында мерекелік концерт өткізілді.
Велошеру қорытындысында еңбек ардагері, «Сырдария ауданының Құрметті азаматы» Р.Бәйменов жиналғандарға ақ батасын берді.
Жалпы, дәстүрге айналған велошеруге аудан тұрғындары қызығушылықпен қатысуда. Алдағы уақытта да аудан әкімдігінің қолдауымен велошерулер ұйымдастырылатын болады.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<