Сырдарияның Көкбұлақ гидробекетінде су қауіпті деңгейге жақындады

486

0

Сырдарияның Көкбұлақ гидробекетінде су қауіпті деңгейге жақындадыСырдария өзенінің бойындағы Көкбұлақ гидробекетінде су қауіпті деңгейге жақындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.
«Сырдария өзенінде Көкбұлақ гидробекетінде су деңгейі көтеріліп жатыр және қауіпті деңгейге жақындады. Нақты деңгей сағат 8:00-де 745 см (қауіпті деңгейдің 94%). Қауіпті деңгей – 790 см.
Қайраққұм қоймасынан (Тәжікістан) жіберілетін судың артуына байланысты су деңгейі одан әрі көтерілуде. Ол қауіпті деңгейден асып кетуі мүмкін, арнадан судың жайылуы ықтимал және су басу қаупі күтіледі», делінген ескертуде.