Сурет: облыстық тарихи-өлкетану музейі
Батыс Қазақстан облысы «Атамекен» өнер орталығында С.Айтбаев атындағы көркемсурет галереясының «Сырдың сырлы әлемі» атты жылжымалы көрмесі ашылды.
Аталмыш көрмені Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының орынбасары Мұханғалиев Қуанышбек Жанболатұлы ашып, Сыр елінен рухани-мәдени байланысты ту етіп келген қонақтарға Ақжайық жұртшылығы атынан алғыс білдірді. Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Көзейбаев Сапар Алиасқарұлы өз сөзінде екі өңір арасындағы мәдени ынтымақтастық пен байланыс ретіндегі аталмыш көрме оралдықтар мен сыр жұртшылығы үшін тың серпіліс, рухани нәр, тарихи байланыс болып қалыптасатындығын жеткізіп, естелік сый тарту етті.
Көрмеде С.Айтбаев атындағы галерея қорынан еліміздің танымал қылқалам шеберлері мен облыс суретшілерінің 73 шығармасы Орал халқының назарына ұсынылды.
Аталмыш көрме 10-23 қараша аралығында жұмыс жасайды .
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<