Арал қаласынан табан жарақаты бар кішкентай пациент шұғыл түрде аудандық ауруханаға, содан кейін облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.
Сол қайғылы күні қыздың анасы Айшолпан Өмірханованың айтуынша, үш жасар Гүлбағым көршінің мотоциклінің жанында ойнаған. Темір махина сәбидің сол аяғына құлаған.
Компьютерлік томографияда топайсүйекасты буынының шығуы және табанның пронациясы белгілерімен топайсүйектің сынуын (жылжып сынуын) анықтады. Пациентке операция сәтті жасалды.
Облыстық балалар ауруханасының ортопед-травматологы Олжас Құрбанбаев бұл сирек кездесетін және күрделі патология екенін атап өтті.
«Практикада мен мұндай табан жарақатын бірінші рет көрдім. Травматологиядағы топайсүйектің жылжып сынуы сирек кездеседі және ауыр жарақат тобына жатады. Топайсүйек арқылы дененің бүкіл ауырлық қысымы табанға беріледі. Бұл ешқандай бұлшықет жоқ жалғыз табан сүйегі. Аваскулярлық некроз, дегенеративті артроз секілді асқыну қаупі бар. Мүгедектік деңгейі жоғары. Жас организм бұл жарақатпен күресіп, тез түзеледі деп үміттенеміз», – деп атап өтті дәрігер.
18 жасқа дейінгі барлық бала жеңілдікпен сақтандыру мәртебесіне ие екенін естеріңізге сала кетейік. Олар үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды мемлекет жүргізеді. Сондықтан медициналық сақтандыру пакетіндегі медициналық көмек балаларға толық көлемде қолжетімді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<