Табиғат қорғау заңын бұзғандар

304

0

Табиғат қорғау заңын бұзғандар Қызылорда ОІІД Жергілікті полиция қызметі табиғатты қорғау полициясы құрылымдарымен 2018 жылдың 2 ай көлемінде экологиялық құқық бұзушылықтар мен қылмыстың алдын алу, ескерту, жолын кесу және анықтау бағытында біршама ұйымдастырушылық  шаралар жүргізілді.

Нәтижесінде, есепті мерзімде табиғат қорғау заңнамаларын бұзушылықтың барлығы – 112 дерегі тіркелдіОның ішінде, жануарлар әлемі саласында – 70, балық аулау  саласында – 38 және өсімдіктер саласында – 4 құқық бұзушылықтар анықталды.

2018 жылдың басынан облыс көлемінде табиғатты қорғау заңнамаларын бұзушылыққа қатысты барлығы 12  сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде, заңсыз аң аулау фактісі бойынша – 5, өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен заңсыз айналысу дерегі бойынша – 1, ағаштарды мен бұталарды кесу дерегі бойынша – 4.        

Қызылорда облысы ІІД баспасөз қызметі

 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<