Қорқыт ата атындағы ҚМУ «Экология және химиялық технологиялар» кафедрасы еліміздегі экология саласына 30 жыл толуына арналған «Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ» атты айлық шара ұйымдастырды. Бүкіләлемдік қоршаған ортаны қорғау күні қарсаңында қорытындыланған шарада «Экология және химиялық технологиялар» кафедрасының меңгерушісі, химия ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор міндетін атқарушы Л.Жүсіпова қоршаған ортаны қорғаудың маңызы жайлы әңгімелеп, саланың 30 жылдығына байланысты тілегін жеткізді.
Кафедраның аға оқытушысы, техника ғылымдарының кандидаты Г.Асқарова айға созылған шара аясында «Арал өңірінің экологиялық проблемалары және оларды шешу жолдары» тақырыбында ашық лекция оқылып, «Бәсекеге қабілетті мамандықты таңдай білейік, жас дос!» атты ашық есік күні және «Жасыл аймақ» экологиялық акциясы ұйымдастырылғанын атап өтті. Сонымен қатар, «Қызықты экология» интеллектуалды шоу, «Табиғат –тіршіліктің нәрі» тақырыбында өлең оқу сайысы, қаладағы ЖОО мен колледж студенттері қатысуымен экологиялық олимпиада ұйымдастырылды.
Салтанатты шарада жеңімпаз студенттер марапатталды.
«СБ» ақпарат.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<