Табиғи газбен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде

763

0

Қазалы ауданы әкімі Мұхтар Оразбаев пен аудандық мәслихат хатшысы Бақытжан Жарылқап Қазалы қаласындағы тұрғындарға жаңадан берілген 180 гектар аумаққа арнайы барып, бірқатар сала басшыларымен бірге тез арада халыққа көгілдір отын беру жағын талқылады.

Бүгінгі күні жаңа тұрғын кварталында орналасқан тұрғын үйлерге табиғи газға қосу үшін жұмыстар жүргізілуде.

Атап айтар болсақ, мердігер мекеме орын алған ақаулықтары қайта қалпына келтіріп, жоғарғы ауа қысымымен тексеріп сынау, үрлеп-тазалау жұмыстарын жүргізуде. Тексеру жұмыстары аяқталғаннан кейін «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Қызылорда өндірістік филиалына пайдаланудағы газ желісіне қосу үшін ұсынылады.

Жаңа кварталда атқарылып жатқан жұмыстармен танысқан аудан әкімі Мұхтар Оразбаев бұл аймақтағы үйлерді табиғи отынға тез арада қосуды тиісті сала басшыларына тапсырды.

Мұнан соң Мұхтар Әуесұлы Әйтеке би кентінің 5 квартал аумағына барды.

Қазіргі таңда аудан орталығындағы бұрын инфрақұрылымы жүргізілген 210 гектар жер учаскесінен есепке алынбаған тұрғын үйлерді газбен және электрмен жабдықтау жұмыстары жүргізілуде.

Мердігер мекеме «Ремстрой» ЖШС келісім-шартқа сәйкес құрылыс-монтаж жұмыстарын бастап, белгіленген мерзімде аяқтауды жоспарлап отыр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<