«Табылды»: «Майқайыңалтындағы» жоғалған адамдар туралы деректер шықты

682

0

Фото: pavlodarnews.kz

Шұңқырдан құтқарушылардың сөмкесі мен кузов бөлшектері табылды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі «Қазақстан» арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

«Майқайыңалтын» кенішіндегі автобус құлаған жерді аршу кезінде құтқарушылардың бірінің жол сөмкесі табылды. Және автобустың мемлекеттік тіркеу нөмірінің темір бөлшегі де сыртқа шығарылды. Іздеу жұмыстары басталғалы бүгін 12 күн болды. Автобус жүргізушісі мен құтқарушы әлі табылған жоқ.

Айта кетейік, фабрика сербиялық азамат Милан Поповичке тиесілі. Ақпаратты кәсіпорын басшылығы растады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<