Тәрбиешілердің жалақысы осы айда 30%-ға арттырылады

655

0

Сурет ашық дереккөзден

Қыркүйектен бастап мектепке дейінгі тәрбие және білім беру педагогтерінің жалақысы тағы 30%-ға өседі. Елімізде қазір 97 мың тәрбиеші бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Жалақыны жыл сайын арттыру 2020 жылдың қаңтарынан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып келеді.

Мектепке дейінгі білім беру жүйесінің кадрлық әлеуетін күшейту мақсатында 20 390 педагог кәсіби біліктіліктерін арттырады. 79 мектепке дейінгі ұйымда «Құзырет орталықтары» жұмыс істейді. Мұнда тәрбиешілер өзара тәжірибе алмасып, үздік жұмыстарымен бөліседі.

Сонымен қатар, Үкімет балабақшаларда жаңа орындар ашу бойынша шаралар қабылдап жатыр. Жыл басынан бері 29 620 орынға арналған 307 мектепке дейінгі ұйым пайдалануға берілді. Жыл аяғына дейін балабақшаларда барлығы 81 мың, ал 2025 жылға дейін 223 мың жаңа орын ашу жоспарланып отыр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<