Тәртіп сақшылары ер адамды соққыға жықты

634

0

Қызылорда облысы Қазалы ауданының тұрғыны Динара Дәстенова СОБР қызметкерлері ер адамды дубинкамен ұрып-соққанын айтып шағымданды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әйелдің айтуынша, тәртіп сақшылары 28 жастағы жас жігітті достарымен дәмханадан шыққан кезде ұстаған.

«Олар оның жанындағы ешкімге тиіспеген. Бірақ жігіттің СОБР қызметкерлері оны қалай қатты соққыға жыққаны туралы әңгімесін естігенде, бұл бізді қатты таңғалдырды. Оның айтуынша, олар оны шешіндіріп, таяқпен ұрып-соғып, электрошокер қолданған. Адамды осылай мазақ етуге бола ма? Біз тәртіп сақшыларына өмірімізді сеніп тапсырамыз, ал олар қандай әрекетке барып жүр», – деп жазды әйел Facebook парақшасында.

Қызылорда облысының Полиция департаменті аталған факт соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, Қылмыстық кодекстің 362-бабының 1-бөлігі «Билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

«Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», делінген полиция таратқан хабарламада.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<