Тәуелсіздік – бірлік пен жауапкершілік

6

0

Фото: «AMANAT» партиясы

Тәуелсіздік күні – халқымыздың ең қастерлі құндылығы, мемлекетіміздің жаңа дәуірге қадам басқанын айғақтайтын тарихи белес. Бұл мереке азаттықты аңсаған ұрпақтың рухын, бүгінгі буынның жауапкершілігін, келер ұрпақтың үмітін біріктіретін ерекше күн.

Осы орайда «AMANAT» партиясының Қызылорда қалалық филиалында 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты шара өтті. Іс-шараға партияның облыстық филиалының төрағасы Жандос Базартай қатысып, партияластарды ұлтты ұйыстырған, бірлікті бекемдеген атаулы мерекемен құттықтады.

Жиын барысында партия қатарына жаңадан қабылданған азаматтарға партиялық билеттер салтанатты түрде табысталды. Сонымен қатар қалалық филиалдың бастауыш партия ұйымдарында белсенді еңбек етіп жүрген және қоғамдық-саяси жұмыстарға елеулі үлес қосқан партия мүшелері марапатталды.

Өз сөзінде Жандос Нұртайұлы тәуелсіздіктің тарихи кезеңдеріне тоқталып, елдің даму жолындағы саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісімнің маңызын атап өтті. Ол партияның ел мүддесін қорғаудағы, әлеуметтік бастамаларды іске асырудағы және қоғамның сұранысына жауап беретін партиялық жобалардың рөлін ерекше атап өтті.

Шарада белсенді партия мүшесі Жанат Қараманова сөз алып, тәуелсіздік жылдарында қалыптасқан жаңа мүмкіндіктер, қоғамның дамуындағы өзгерістер және жауапкершілігі жоғары азаматтық ұстанымның маңызын атап өтті. Ол партия қатарындағы бірлік пен ортақ мақсатқа адалдық ел игілігіне қызмет етудің басты шарттарының бірі екенін жеткізді.