Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, Тәуелсіздік мерекесі күні 32 сәби дүниеге келген. Тәулік ішінде туған нәрестелердiң 20-сы қыз, 12-сi ұл бала.
– Қазіргі таңда барлық сәбилер мен аналарының жағдайы дәрігерлердің бақылауында. Бұл күні дүниеге келген балалардың болашақта ел мақтанышына айналар тұлға болып өсулеріне тілектеспіз, – делінген хабарламада.
«СБ» ақпарат





