«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына құжат қабылдануда

380

0

2023 жылы енгізілген өзгерістерге байланысты «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына 14 жастан бастап 35 жасқа дейінгі азаматтар үміткер бола алады. Грантқа құжат қабылдау «Ғылым», «Мәдениет», «Ақпараттық технологиялар», «Бизнес», «Медиа» бағыттары бойынша іріктеледі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры Талғат Тілес хабарлады.

– «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты – белсенді шығармашыл жастар қауымдастығын қалыптастыруға бағытталған. Осы арқылы грант жеңімпаздарының жаңа бастамаларына мемлекет қолдау танытады.

Грант беру қағидаларына сәйкес конкурс екі кезең арқылы жүргізіледі. Атап айтқанда, бірінші кезең – конкурстық өтінімдерді қабылдау және қарау, ал екінші кезең – конкурстық өтінімдерді бағалау және жеңімпаздарды анықтау. Грантқа өтінімдерді қабылдау 26 қыркүйектен 26 қарашаға дейін жүзеге асырылады. Конкурстың қорытындысы бойынша жыл соңына дейін 30 азаматқа 3 млн теңге көлемінде грант беріледі, – деді Талғат Оспанұлы.

Брифинг барысында «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына өтінім қабылдау барысы туралы айтылды. Аталмыш байқау «Әдебиет», «Ғылым», «Дизайн және бейнелеу өнері», «Журналистика», «Классикалық музыка», «Креативті бастамалар», «Спорт», «Театр және кино», «Эстрада», «Халық шығармашылығы» номинациялары бойынша өтеді. «Дарын» жастар сыйлығын алуға 35 жасқа дейінгі азаматтар қатыса алады. Конкурсқа қатысуға құжаттар 20 қарашаға дейін жалғасады.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<