Тәуелсіздікке 25 жыл даңғылы (Арай-2 тұсынан және «Арай-Шұғыла» тұрғын ауданына Тәуелсіздікке 25 жыл даңғылынан кіретін жол аралығы) ауыр жүк көліктерінің үздіксіз қатынауына орай, 7 маусымнан бастап 1 шілдеге дейін жабылатындығын хабарлаймыз.
Жолдың жабылу себебі:
Арай-3 тұрғын ауданындағы мектеп салу жоспарланған жер учаскесін «Сырдария» өзені табанынан шыққан құммен толтыру жұмыстары жүргізіледі.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және түсіністікпен қарауға шақырамыз.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<