Тағы бір мамандық иелерінің жалақысын 100 пайызға көтеру ұсынылды

73

0

Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Қазақстандық метеорологтар жалақылары төмен екеніне шағымданған. Мұндай мәлімдемені Мәжіліс депутаты Ажар Сағандықова жасады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сағандықованың сөзінше, бүгінде техник-метеорологтарға отбасын асырау өте қиын.

«Олардың орташа жалақысы – 120 мың теңге. Бірақ ұзақ мерзімді ауа райын, қауіпті ауа райы құбылыстарын, су тасқыны мен басқа да табиғи апаттарды болжау олардың қажырлы еңбегіне тікелей байланысты. «Қазгидрометтің» болжамдарына экономиканың көп саласы – ауыл шаруашылығынан авиацияға дейін кәсіпорындар бағдарланады», – деді депутат.

Метеорологтар тәулік бойы кезекшілік жасайды, дегенмен метеостанциялар жылусыз, сусыз контейнерлерде орналасқан.

«Олар 2023 жылы маусымда жалақысын әзер өсірді. Алайда уәде етілген 100 пайыздың орнына жалақы 70 пайызға көтерілген, бірақ ол әлі де аз», – деді депутат.

Сағандықованың айтуынша, жұмыс уақытының жиынтық есебіне байланысты метеостанциялардың қызметкерлері толық жалақы да алмайды. Үстеме жұмыс ақы жылдың соңында ғана төленеді. Сыйақы мүлдем берілмейді. Сондықтан депутат қазіргі жалақыны 100 пайызға өсіріп, метеоролог-техниктерге лайықты еңбекақы төлеуді ұсынды.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда қарашада қандай мамандарға ең көп жалақы ұсынылғаны туралы жаздық. Жұмыс берушілер ең жоғары жалақыны бас құрылысшыларға (орта есеппен 726 мың теңгеден бастап), өндіруші өнеркәсіптегі қызмет бастықтарына (шамамен 649 мың теңге) және диірменшілерге (шамамен 580 мың теңге) ұсынған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<