Тағы да! Қайрат Нұртас 5 жылға сотталуы мүмкін

760

0

Фото: ашық дереккөз

Бұл туралы танымал журналист Михаил Козачков хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Әнші Алматыдан Астанаға бағыт алған ұшақта жанжал шығарған. Салдарынан жолаушы зардап шеккен.

Ұшақ командирі оқиға орнына полиция шақыруға мәжбүр болыпты.

«Алматы-Астана» бағытындағы ұшақта ұсақ бұзақылық және денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру дерегі бойынша әкімшілік іс қозғалды», – делінген Көліктегі полиция департаментінің хабарламасында.

Журналисттің жазуынша, сотқа дейінгі тергеу басталған. Оған қатысты қатаң жаза қолданылуы мүмкін.

«Астананың әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына ӘҚБтК-нің 434-бабы 2-бөлігі («Жыл ішінде қайталап жасалған ұсақ бұзақылық») және ӘҚБтК-нің 73-бабы 1-1-бөлігі («Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру») бойынша Қ. А-ға қатысты екі материал келіп түсті», – делінген Жоғарғы Сот хабарламасында.

Ол бойынша айыппұл, қоғамдық жұмыстарға тарту, бас бостандығын шектеу немесе 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<