Таиланда үңгірден барлық бала шығарылды

238

0

Таиландта 12 бала мен жаттықтырушы су басқан үңгірден шығарылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ria.ru-ға сілтеме жасап.

«Он екінші бала мен жаттықтырушы Эк үңгірден шығарылды. Оларды ауруханаға әкетіп бара жатыр», – деп хабарлады Spring News телеарнасы.

Құтқарушылар эвакуацияланған балаларды кодты сөздермен атайды: «Орман қабаны 1», «Орман қабаны 2» және тағы сондай сияқты. Зардап шеккендердің нақты есімдері әзірге жарияланбады.

Зардап шеккен балалар мен бапкер Чианграй қаласындағы сауықтыру ауруханасына тікұшақпен жеткізілді. Құтқарылған адамдар бірнеше күн карантиннен өтеді. Медицина қызметкерлері болуы мүмкін инфекциялардан тексеретін болады. Алғашқы күндері балалар ағзаларының әлсізденуіне байланысты жақындарын әйнектің бергі жағынан ғана көре алады.

Еске сала кетсек, футбол командасында ойнайтын 12 жасөспірім мен олардың бапкері 23 маусымда жоғалып кеткен болатын. 10 күн өткен соң ғана олар Тхам-Луанг үңгірінде тірі табылды. Олар 7 шақырымдық үңгірге кірген кезде су басқан. Таиландта қазір жауын маусымы. Үңгірден балаларды эвакуациялау операциясы үш кезеңнен тұрды және үш күнге созылды. Оған әлемнің бірнеше елінен жүздеген мамандар қатысты. Илон Масктың өзі балаларды құтқарылған балалар туралы бейнежазбаны өз Instagram-ына жариялады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<