Талап күшейтілді

548

0

Қазіргі таңда қоғамдық көлік қызметіне қатысты тұрғындар тарапынан қойылатын сауалдардың саны артқан. Кешкісін жетіден кейін қоғамдық көліктің тоқтап қалатынын айтып шағымданатын көпшілік те көбейді. Мәселені шешу мақсатында қала әкімінің тапсырмасымен қоғамдық көлік тасымалдау қызметіне бақылау жұмыстары жүргізілді.

Тексеру барысында бірнеше жеке тасымалдаушыларға қарасты бағыттар бойынша қала тұрғындарынан сын-пікірлер айтылды. Аялдамаларда автобустарын күткен қала тұрғындарының басым көпшілігі №10, 12, 15, 16, 31 бағыттағы қоғамдық көліктерге шағымдарын жеткізіп, таңертең, кешкі мезгілдерде автобустарда ине шаншыр орынның болмайтындығын, оған көліктердің уақытылы жүріп-тұрмауы себеп болатынын, көліктердің кешкі мезгілде ерте тоқтайтындығы туралы мәселелерін айтты.

Талап күшейтілді

Қоғамдық көліктерге бақылау шаралары күнделікті жалғасын табатын болады. Бұл өз кезегінде мәселенің түйінін тарқатуға септігін тигізеді.

Жалпы, Қызылордалықтардың қоғамдық көлікке деген сұранысын қанағаттандыру және көлік қатынасын дамыту мақсатында тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Айта кету керек, шара барысында жолаушылардан «Қызылорда» автобус паркі» ЖШС-іне қарасты 1, 11, 14, 17, 18, 19, 20 бағыттарға қатысты шағымдар түспеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<