22 тамызда А.Тоқмағанбетов атындағы мәдениет үйінде «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы адами капитал» атты қаладағы білім беру ұйымдары қызметкерлерінің дәстүрлі Тамыз кеңесі өтті.
Тамыз педагогикалық кеңесіне облыстық басқарма басшысы, қала әкімдігінің бөлім басшылары, облыстық, қалалық мәслихат хатшылары, облыстық, қалалық «Нұр Отан» партиясының төрағалары, оқу орындарының басшылары, құқық қорғау органдарының басшылары, ауылдық округ әкімдері, қалалық мәслихат депутаттары, аудандық білім бөлімдерінің басшылары, ардагер ұстаздар, мектеп директорлары, балабақша меңгерушілері, менбұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты. Тамыз кеңесіне қатысушылар үшін арнайы көрме ұйымдастырылды.
Көрмеде білім беру ұйымдарының қызметкерлері мен оқушыларының өнер, ғылым мен білім саласында жеткен жетістіктері таныстырылды. Көрменің басты мақсаты – енгізіліп жатқан инновациялық-ақпараттық технологияларды кеңінен таныстыру, қаланың білім беру мекемелерінің жетістіктерін көрсету, сонымен қатар, білім беру қызметінің сапасын арттыру бойынша тәжірибе алмасу.
Елордамыз Астана қаласының 20 жылдық, Сыр – Алаштың анасы атанған Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойларымен тұспа-тұс келген білім беру қызметкерлерінің қалалық тамыз кеңесінің маңыздылығы өткенге есеп беріп, алдағы атқарылатын жұмыстарды бағамдап, тамыры терең, тағлымы мол, айтары айқын, мақсаты тың тақырыптарды талқыға жауапты жиын. Аталмыш жиынды Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Машбекұлы ашып берді. Жиын барысында облыстық мәслихат хатшысы Н.Байқадамов, облыстық білім басқарасының басшысы М. Мелдебекова білім саласының маңыздылығы мен тың өзгерістеріне тоқталды.
Одан кейін, Қызылорда қаласы білім бөлімінің басшысы Ақарыс Дүйсенбайұлы «2017-2018 оқу жылында атқарылған жұмыстар және жаңа оқу жылындағы алға қойылған міндеттер туралы» баяндама жасады.
А.Нұрсейітов баяндамасында Тәуелсіз елдің негізгі тірегі – білімді ұрпақ. Білімді ұрпақты тәрбиелеу үшін алдымен мұғалім мәртебесін арттыру керек. Осы мақсатта 2018 жылдың 1 қаңтарынан жаңартылған білім мазмұны бойынша 1,2,5,7 сыныптарға сабақ беретін мұғалімдердің жалақысы 30 %-ға өсіп, қала мектептері бойынша 4003 мұғалімнің жалақысы көбейді. Басталғалы отырған жаңа оқу жылынан бастап 3,6,8 сыныптарға сабақ беретін 1545 мұғалімнің жалақысы 30 %-ға артатын болады.
2018 жылғы енгізілген өзгерістер бойынша мемлекеттік білім беру ұйымдары басшыларын конкурстық тағайындау қағидасына сәйкес мектеп директорының бос орнына біліктілік талабына кез келген үміткер қатыса алады. Бұл өз кезегінде мектеп директоры қызметіне тағайындаудың ашықтығы мен жариялылығын білдіріп, сонымен бірге мектептегі Қамқоршылық Кеңес жұмысының мәртебесін жоғары екендігін білдіреді және ата-аналар, қоғам кеңестермен белсене жұмыс ұйымдастыруға қол жеткізді.
Қызылорда қаласы бойынша 2017-2018 оқу жылында жалпы білім беретін 50 мектепті 2141 оқушы бітіріп, оның 1670-і Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты. ҰБТ қорытындысымен жалпы орташа балл – 90,9 құрады. Бұл көрсеткіш бойынша Қызылорда қаласы облыс көлемінде 1 орынға ие болды. Мемлекеттік білім грантын иелену конкурсының қорытындысы бойынша 980 (2017 жылы – 612 грант, 44%) мектеп бітіруші грант иегері атанып, өткен жылмен салыстырғанда 15% -ға артты.
Сонымен бірге, 2017-2018 оқу жылының қорытындысымен 98 оқушы «Алтын белгі» иегері атанса, 103 оқушы «Үздік аттестат» иеленді.
2014 жылдан бастап аймақ басшысы Қырымбек Елеуұлының тікелей бастамасымен Қызылорда қаласының түлектері Ресей Федерациясының жоғары оқу орындарында білім алуға мүмкіндік жасалып, бүгіннің өзіңде Қызылорда қаласынан 346 студент Ресей Федерациясының беделді оқу орындарында білім алуда.
Осы игілікті бастаманың жалғасы ретінде, биылғы жылы да Қызылорда қаласы бойынша 12 түлек Тимирязев атындағы Ресей мемлекеттік аграрлық университетінің, 16 түлек Мәскеу Энергетика университетінің және 29 түлекСанкт-Петербург қаласындағы беделді оқу орнының грантын жеңіп алды.
2017-2018 оқу жылы бойынша жалпы білім беретін пәндер бойынша 8-11 сынып оқушылары арасында Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне қала мектептерінен қатысқан 32 оқушының 26-сы жүлдегер атанып, олимпиада қорытындысымен Қызылорда қаласы ең үздік нәтиже көрсетті.
Сүлейман Демирел атындағы Университетінде «InfoMatrix Asia & Pacific» Халықаралық компьютерлік жобасына (информатика) жер шарынан 450-ге жуық оқушылар қатыстырылса, қаламыздан қатысқан «Мұрагер» мектебінің оқушылары І, ІІ орындарға ие болды. Сонымен қатар, Ресей Федерациясы Королев қаласында өткен (Мәскеу облысы) «Адам-Жер-Ғарыш» балалар мен жастардың Бүкілресейлік ғылыми зерттеулік және оқу-зерттеулік жобалар олимпиадасында «Мұрагер» мектебінің оқушыларыІІ, ІІІ орындар иеленді.
Балалардың дұрыс тамақтануы – олардың денсаулықтарын, жұқпалы аурулардың әсеріне және басқа да қолайсыз факторларға төзімділігін нығайтудың маңызды шарты.
2017-2018 оқу жылында мектептердің барлығында (100%) асханалар жұмыс жасап, тегін және жеңілдетілген ыстық тамақ ұйымдастырылды. Тұрмысы төмен, аз қамтамасыз етілген отбасыларынан 5890 оқушының (2017 жылы – 4824) барлығы күнделікті ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.
Қаламызда мектебі жоқ елді мекендерден мектеп оқушыларын арнайы бекітілген автобустармен тасымалдау жүйелі жолға қойылып, 2017-2018 оқу жылында 641 бала тасымалданды.
2018 жылғы жаз маусымында 9 – 14 жас аралығындағы 29 583 оқушының 27 216 (92,0%) бала жазғы кезеңде демалыспен қамтылды.
Қазақстан республикасындағы құқық бұзушылықтар профилактикасының 2017-2019 жылдарға арналған кешенді жоспарына сәйкес, Қалалық жастар саясаты мәселелері басқармасымен жастар мен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында құқық қорғау органдары мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдерін тарта отырып, жұмыстар жүргізілуде,-деді.
Сондай-ақ бөлім басшысы алдағы атқарылатын бірқатар ауқымды жұмыстарға тоқталып өтті. Қазіргі таңда «IPGrup» жауапкершілігі шектеулі серіптестігімен бірлесіп жоба ретінде бөлімге қарасты № 264 мектеп – лицейінде GPS «ГдеЯ» (мен қайдамын) қосымша бағдарламасы жобасы сынақ ретінде енгізіліп, ата – аналар тарапынан қолдау тапты.
Жобаның негізгі мақсаты: балалардың жан-жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын алу және келеңсіз жағдайлардың алдын алу. Сондай-ақ, бұл жобаның ерекшелігі Баланың кез-келген мезетте баланың орналасқан орнын (жүрген жерін) анықтауға болады; Баланың қандай бір обьектіге (үйге, мектепке, дүкенге) кіргені не шыққыны жөнінде сынып жетекші немесе ата – ананың ұялы телефонына тікелей дауыстық Пуш хабарлама жолданады. (Шеңбердің ауқымы 300 м ден 5 км ге дейін аумақты қамтиды). Бағдарламаның тиімділігі белгілі бір уақыт кезеңі үшін қозғалыс тарихы 3 жыл сақталып тұрады. Мысалы, керекті уақыт кезеңін сұрау арқылы (2 жыл бұрын өтсе де) сол мезетте баланың болған, жүрген жерлерін архивтен алуға болады.
Алдағы уақытта5 – 18 жас аралығындағы балалардың қосымша білім берумен қолжетімдігін қамтамасыз ету арқылы, қамтылу көрсеткішін көтеріледі. Жаңа үлгідегі электронды-техникалық үйірмелердің ашылуын ұйымдастырып, заманауи материалдық базамен жабдықталады. Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында білім алушыларға әлеуметтік қолдау жасау үшін білім беру ұйымдарындағы әлеуметтік педагог штаттық бірлігі санын кезең кезеңімен артады.Сонымен қатар, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санын азайтып, оларды өмірге бейімдеп, қолайлы ортаға қалыптастыру мақсатында нақты шараларды қабылданатын болады. Инклюзивті білім алуға қолжетімдікті ұйымдастыру бағытында білім беру ұйымдарында инклюзивті топтар мен сыныптар желісін көбейтілетін болады,-деді.
Бұдан бөлек, С.Толыбеков атындағы №3 мектеп-лицей директоры Әбдіхалықова Меруерт «Білім беру ортасы: басқару инновациялары, мазмұны, формалары мен әдістері»,қалалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының робототехника үйірмесінің жетекшісі Сариев Раушанбек «Робототехника және алғашқы техникалық модельдеуді қосымша білім жүйесінде үйлестіру жолдары» тақырыптарында хабарлама жасады.
Жиын соңында қала әкіміөткен оқу жылында нәтижелі жұмыстар көрсеткен 10 ұстазды «Алғыс хатыпен» марапаттап, бағалы сыйлықтар табыстады.
Қызылорда қаласы білім бөлімінің баспасөз қызметі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<