Тамызда екі облыста құрғақшылық болады – Қазгидромет

482

0

Қазгидромет тамыз айына арналған құрғақшылық болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алдын ала есеп бойынша, 2022 жылдың тамызында елдің солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-батысында және орталығында (жекелеген аймақтарды қоспағанда) ылғал шарттары негізінен нормаға жақын болады. Қызылорда облысының Қармақшы ауданында, Маңғыстау облысының Қарақия және Маңғыстау аудандарында құрғақшылық болады деп болжанып отыр.

Сондай-ақ, Ақтөбе облысының Әйтеке би және Мұғалжар аудандарында, Қарағанды облысының Нұра ауданында, Қостанай облысының Амангелді және Жангелді аудандарында жауын-шашын тапшылығы болады.

Ақтөбе облысының солтүстік және батыс бөлігінде, Атырау облысының Қызылқоға ауданында, Батыс Қазақстан облысының Сырым, Казталов және Ақжайық аудандарында керісінше жауын-шашын мол түседі. Сондай-ақ Алматы облысының Панфилов және Кербұлақ аудандары да ылғалдан кенде болмайды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<