Таңғы бесте үйінен шығып кеткен 5 жасар қыз іздестіріліп жатыр

930

0

Жексенбі, 7 тамызда Қостанай облысында 2017 жылы туған қыз жоғалып кетті. 5 жасар Мәдина Ерланқызының жоғалып кеткені туралы «Дос» іздеу-құтқару жасағының еріктілері жариялады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Таңғы сағат бестер шамасында кішкентай қыз Жамбыл ауылындағы үйінен шығып кетіп, оралмаған. Болжам бойынша қыз тек іш киім киген. Қыз сөйлемейді.

Кішкентай қыз екі әпкесінің қарауында болған. Әпкелерінің біреуі 13 жаста болса, екіншісі 18 жаста. Еріктілердің айтуынша, қыздар таңертең оянғанда сіңлісінің үйде жоқ екенін байқап, іздеген. Полицияға кішкентай қыздың жоғалғаны туралы анасы хабарлаған.

Полиция департаменті хабарлама келіп түскеннен кейін бірден іздестіру жұмыстарына кіріскенін жеткізді. Қостанай полиция бөлімінің жеке құрамы дабыл бойынша іске кірісті.

Іздеуге еріктілер де қосылды. Баланың орналасқан жерін анықтау үшін барлық қажетті шара қабылданды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<