Тойдан фотосуреттерді Instagram әлеуметтік желісінде әнші достары жариялады. «Аспанға қараймын» әні орындаушысының тойы Алматыда өтті. Жұбайының аты Фариза. Әнші Сәкен Майғазиев Instagram желісіндегі парақшасында Абай Бегейге жазба арнаған.
Онда Майғазиев: «Фариза – иманды, инабатты қыз. Әбекем адал жарынан 3 жыл бұрын айырылды. Әбекемнің балапандарына Фаризаның аналық махаббатын сыйлай алғандығын, балапандарының оған бауыр басып, жақсы көріп қалғанын айтқанда көзіме жас келіп, қуандым», – деп жазған.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<