Танымдық-әдістемелік конференция өтті

107

0

Фото: Арал ауданы

Биыл Қазақстан Республикасы мәслихаттарының құрылғанына 30 жыл. Мәслихат – қоғамның сөзін айтып, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғайтын сенімді саяси институт. Сол институттың ел дамуындағы жүйелі жұмыстарының нәтижесінде Қазақстан орнықты әрі демократиялы елге айналды. Осы мемлекеттік құрылымның ордалы белесіне орай қаладағы №260 орта мектебінде «Жергілікті өкілді орган – мәслихаттардың өңір дамуындағы орны мен рөлі» тақырыбында танымдық-әдістемелік конференция өтті.

Конференцияға Қызылорда облыстық мәслихат төрағасы М.Тілеуімбетов, аудан әкімінің орынбасары Н.Бохаев, Арал ауданынан сайланған облыстық мәслихат депутаттары, 1-8 шақырылымдардың депутаттары мен мәслихат төрағалары, зиялы қауым өкілдері және ардагерлер қатысып, конференцияның маңызын айшықтай түсті.

Шара барысында алдымен Қызылорда облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов сөз алып, танымдық және депутаттардың ел алдындағы сенімін арттыру жолында өз ойын ортаға салды. Конференция барысында мәслихат жұмысының маңыздылығына, халық қалаулыларының жұмыстары жайында сөз сабақтап, ой бөлісті.

Мұнан соң II,III,IV шақырылған Арал аудандық мәслихатының хатшысы болып қызмет атқарған Әнес Әуезов сөз алды. Ол білім, денсаулық, зейнетақы төлеу секілді көптеген маңызды салалардың жоғары деңгейде жұмыс істеп, оған сол кездегі депутаттар тарапынан лайықты қолдау көретілді.

Мәслихаттар – партиялық тізімдермен қатар бір мандатты округтер арқылы сайланған ел жанашырлары, депутаттық корпустың құрамына квота арқылы енген белсенді жастар мен әйелдер қауымы, әлеуметтік жағдайға байланысты әр түрлі қоғамдық топтардың қажеттілігін қамтамасыз ететін және сұраныстарына жауап бере алатын үлкен күшке ие болды.

Осылайша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы айқындаған «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидаты іске асырыла бастады.

«AMANAT» партиясынан ұсынылған аудандық мәслихат депутаттары да өз сайлашыларының ұсыныстары негізінде бағдарламалар әзірлеп, атқарушы билікпен бірлесе орындауда.

Бұл мәселеде аудандық мәслихат депутаты, «AMANAT» партиясының Арал аудандық филиалының атқарушы хатшысы Қанатов Талғат Мырзағұлұлы сөз сөйлеп, партияның қазіргі ахуалы жөнінде баяндама жасады.

Аудан бюджетінің мүмкіндігіне қарай депутаттардың ұсыныстары кезең-кезеңімен шешіліп, қаржыландыру кезегіне қойылуда. Бұл мәселеде халық қалаулылары да аудан көлемінде жүргізіліп жатырған барлық іс-шаралардан тыс қалмай араласып, тиісті кезеңдерде бақылау жүргізіп келеді.

Конференцияда аудан әкімінің орынбасары Нұрмұхамет Бохаев қорытынды сөз сөйлеп, мәслихат жұмыстарын жоғары бағалап, халық қалаулыларын мерекемен құттықтады.

Басқосу барысында депутаттық мандатты адал атқарып, елге қызмет етіп жүрген бір топ азаматтар Қызылорда облыстық мәслихат төрағасының Алғыс хаты, аудан әкімінің және Арал аудандық мәслихат төрағасының Алғыс хатымен марапатталды.

Конференцияда қонақтар өзара пікір алмасып, ел өміріндегі елеулі өзгерістерді оң бағалады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<