Тапсырма тиянақты орындалуы қажет

193

0

Фото: қала әкімдігі

Облыс әкімінің төрағалығымен өткен мәжілістен кейін қала әкімдігіндегі арнайы жиында шаһар басшысы Нұржан Ахатов жауапты сала басшыларына көтерілген мәселелер бойынша бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Қала әкімі ең алдымен ішкі нарықтағы тауарлардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және сапасын арттыру, базарлар мен сауда орындарындағы санитарлық тазалықты реттеу қажет деді. Сонымен қатар, қоғамдық тамақтану орындарына бақылауды күшейтіп, түнгі мезгілдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ішкі істер органдарымен бірлескен рейдтік шараларды ұйымдастыру жөнінде талап қойды.

Қазіргі таңда барлық коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Көпқабатты тұрғын үйлерге, әлеуметтік нысандарға қалыпты деңгейде жылу берілуде. Күнделікті қоғамдық көліктердің жүру уақыты мен интервалына бақылау жүргізілуде. Шаһар басшысы Нұржан Сәбитұлы жиын соңында осы бағыттағы шараларды жалғастырып, тұрғындардың жайлы өмір сүруіне қажетті жағдайларды жасауымыз қажет деді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<