Таразда дәмханалардың бірінде прокурор нанға қақалып көз жұмды

1146

0

Фото: zira.uz

Тараздағы дәмханалардың бірінде тамаққа шашылып қалған ер адам жедел жәрдем келгенше көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оқиға «Мамед» қоғамдық тамақтану орнында болған. Дәмхана әкімшілігінің айтуынша, қадағалау органының өкілі шелпекке қақалып көз жұмған.

«Ол дәмханаға досымен берге келді. Тамақтардан тек нанды әкеліп үлгердік. Досының айтуынша, ол нанға шашалып қалды. Жедел жәрдем қызметкерлері келгенде ер адамды танып, оның бұған дейін инсульт алғанын айтты. Ем алудан бас тартып, ауруханаданкетіп қалған», – дейді дәмхана әкімшілігі.

Сондай-ақ ол марқұмға досы дер кезінде көмек көрсете алмаған болар деп болжам жасады.

Кафе қызметкерлері мен оның досы ер адамға алғашқы көмек көрсетпек болған.

Жамбыл облыстық жедел жәрдем станциясының желідегі диспетчері қоңырау шалушыларға реанимациялық шараларды қалай жасау керегін кезең-кезеңімен айтып отырған. Дегенмен адамды аман алып қалу мүмкін болмады.

«2024 жылдың 30 маусымында сағат 21:13-те Ташкентская, 164, «У Мамед» кафесі мекенжайы бойынша «103» пультіне қоңырау түсті. Шақыруға ентігу және көмейге бөгде заттың тұрып қалуы себеп болған. Досы қоңырау шалды. Қоңырауға кідіріссіз қызмет көрсетілді. Келгеннен кейін бірінші мамандандырылған топ жедел жәрдем келгенге дейін биологиялық өлімді анықтады. Мәйіт оқиға орнында қалдырылып, полиция қызметкерлеріне тапсырылды», – дейді Жедел медициналық қызмет көрсету станциясы бас дәрігерінің орынбасары Күлзахира Қызғараева.

Марқұмның облыстық прокуратурада қызмет етіп жүргеніне 20 жылдан астам уақыт болған.

«Сергей Валерьевич мейірімді, жанашыр, кәсіби маман болды және ұжым арасында үлкен құрметке ие болды! Облыстық прокуратура қызметкерлері қызметкеріміздің отбасына моральдық және материалдық қолдау көрсетті. Сергей Налыгачевтің отбасы мен жақындарына тағы да қайғырып көңіл айтамыз», – дейді ведомстводағылар.

Айта кетейік, бұған дейін 73 жастағы Атырау тұрғыны апельсин тіліміне тұншығып, өліп қала жаздағаны туралы жазған едік.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<